Еңбек Ері  Кәмшат Дөненбаева дүниеден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбек Ері  Кәмшат Дөненбаева дүниеден өтті

10.11.2017

Еліміздің дамуына ерен еңбегімен ерекше үлес қосқан халқымыздың қайраткер қызы, даңқты механизатор, Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Байғазықызы Дөненбаева өз өмірінің 35 жылын егіс алқабында өткізді. Қазақ қызының ерен еңбегі жоғары бағаланып, 1975 жылы Жоғарғы кеңестің жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. XX ғасырдың екінші жартысында күллі Кеңес Одағына механизатор қазақ қызы болып танылған еңбекқор жан бірнеше істің басын бір арнаға тоғыстыра білді. Оның алып техниканы ұршықша игерген кәсіби шеберлігі барша жұртқа үлгі болды. Тракторшы қыздың тындырған толағай тірлігі тарих беттерінде алтын әріппен таңбаланбақ.

Даңқты механизатор, Қазақстанның Құрметті азаматы, тың игеруші қазақ қызының өмірден өтуі туған-туыстары үшін ғана емес, еліміз үшін орны толмас ауыр қаза. 

Әсия Беркенова, Халық ақыны:

 - Кәмшат Байғазықызы көп еңбек еткен адамдардың бірі. Ол тек Еңбек Ері болып қана қоймай, Алаштың қасиетті анасы, аяулы жары бола білді.

Данияр СҰЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу