Қостанайда қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш механизатор, Социалистік Еңбек ері Кәмшат Дөненбаеваға ескерткіш қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш механизатор, Социалистік Еңбек ері Кәмшат Дөненбаеваға ескерткіш қойылды

29.05.2019

Мүсін Жастар сарайы маңында бой көтерген. Кәмшат Байғазықызы еңбек жолын 18 жасында бастап, ауыл шаруашылығының дамуына зор үлес қосты. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Екі рет Ленин және Құрмет белгісі орденімен марапатталды. Осыған дейін қостанайлықтар даңқты жерлесінің құрметіне «Кәмшат» атты кітап пен деректі фильмнің жарық көруіне бастама болды. Сондай-ақ, Меңдіқара ауданындағы колледжге және облыс орталығындағы көшелердің біріне қайсар қыздың есімі берілген. Кәмшат Дөненбаева 74 жасында өмірден озған еді.       

Гүлжан Байкенова, К.Дөненбаеваның қызы:

Ананың орны толмайды. Бұл – мәңгілік. Анамызға келіп  немерелеріне, шөберелеріне қалай жүрміз, Отанымызға қалай еңбек сіңіріп жатқанымызды айтып, есеп беріп тұратын шығармыз.

ДӘУРЕНБЕК Әбдібек

Хабарламаларға жазылу