Қостанай көшелерінің біріне Кәмшат Дөненбаеваның атын беру туралы ұсыныс айтылды

30.10.2018

Еңбекке ерте араласып, 19 жасында темір тұлпарды тізгіндеген қазақ қызының есімі көзі тірісінде аңызға айналған еді. Кәмшат Байғазықызы қанша құрметке бөленсе де, қарапайымдылығынан танбаған, адамгершілігі биік тұлға. Ұл-қыз өсірген ақ жаулықты ана. Еске алу кешінде оның өмірі мен елге қызметі жайлы естелік кітаптың тұсауы кесілді. Меңдіқара ауданындағы кәсіптік-техникалық колледж бен Қостанайдағы көшелердің біріне Дөненбаева атын беру туралы ұсыныс айтылды.  ​Сонымен қатар, облыстық кітапхана ұжымы даңқты механизатор жайлы шығармалардың көрмесін ұйымдастырды.  

Алмас Мұратбеков, Л. Толстой атындағы облыстық кітапхананың қызметкері:

- Біз өзіміздің осы жұмысымыз арқылы оқырмандарға, әсіресе, жастарға еңбек жолының, халық алдындағы қызметтің қаншалықты маңызды, қаншалықты жоғары болатынын көрсеткіміз келді. 

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу