Қарағанды облысындағы Сарысу өзенінде балық қырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысындағы Сарысу өзенінде балық қырылып жатыр

31.10.2017

Судағы тіршілік иелерін біреулер қасақана улауы да мүмкін. Полиция өкілдері осындай болжам жасап отыр. Өзендегі балықтың қырылуына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Осыдан 1 аптадай уақыт бұрын Жезқазған қаласы маңындағы Сарысу өзеніндегі көріністі балықшылар бейнекамераға түсіріп, ғаламторға салған. Олар су жәндіктері зауыт қалдықтарымен, атап айтқанда күкірт қышқылымен улануы мүмкін деп болжаған. Алайда, мұны экологтар мен ветеринарлар жоққа шығарды. Мамандардың айтуынша, балықтың қырылу дерегі Ұлытау ауданының Жыланды ауылынан 20 шақырым жердегі Түйемойнақ қыстағы маңында тіркелген. Өзеннің 6 гектар аумағында шалажансар балықтар табылған. Сол жерден сынама алынды. 

Жандарбек Еспанов, «Республикалық ветеринарлық зертхана» РМК Қарағанды облыстық филиалының директоры:

- Инфекциялық немесе инвазиялық аурулармен, я болмаса, қатты уытты таксиндермен уланғандығы жөніндегі белгілер анықталған жоқ. Потологиялық өзгерістер анықталған жоқ. Қазір жасалып жатқаны микробиологиялық және таксикологиялық зерттеулер.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу