Атырау облысында каналда балық қырылды
Атырау облысында қайтадан балық қырылып жатыр. Исатай ауданындағы Нарын каналында 200 келіге жуық су маржаны өлген. Бүгінде айдын бетіндегі өлексе шабақтар санитарлық талаптарға сай көмілді. Жауапты мамандардың айтуынша, бұған су деңгейінің төмендеп, оттегінің жетіспеушілігі себеп болған.
Сондай-ақ, «Қазсушар» кәсіпорнының балансындағы бұл арнаның жылдар бойы жөндеу көрмей, ескіруі де өз әсерін тигізуде. Өйткені ағыстың өтуіне кедергілер көп. Бұдан бөлек, Атырау-Астрахан тасжолын салып жатқан мекемелердің де кесірі болуы мүмкін. Айта кетейік, мұндай факт жыл басынан бері осымен 3 рет тіркеліп отыр.
Артур Сәдібекұлы, облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы:
Бұл каналдан, кесіліп қалған каналдан жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекемелер су алып отыр екен. Менің мәліметімше, олардың ауызша пайымдауынша сол каналдан су алуға келісімі бар деп ескертті. Енді ары қарай қандай шара қолданып, қалай шешеміз соны қарастырудамыз. Маусым басында Қызылқоға ауданы Ойыл өзенінде болды балық өлімі, сосын Махамбет ауданында. Бәрінің әкеліп соқтырғаны - судың деңгейінің төмен түсуі.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін парашаңғышыларымыз сайысқа шығады
10.03.2026, 13:24
1218 адамға жәрдемақы мен әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалған
10.03.2026, 13:21
Жетісу облысындағы 469 дауыс беру учаскесі дайын
10.03.2026, 13:15
Жаңа Конституция – дамудың жаңа кезеңі
10.03.2026, 13:12
Трамп Таяу Шығыстағы соғыстың кешікпей аяқталатынын мәлімдеді
10.03.2026, 13:09
Республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды
10.03.2026, 13:06
Астананың күні күрт бұзылды
10.03.2026, 13:03
«Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
10.03.2026, 13:00