Ақмола облысындағы Есіл өзенінде балық қырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы Есіл өзенінде балық қырылып жатыр

15.08.2023

Ақмола облысындағы Есіл өзенінде балық қырылып жатыр. Қазіргі таңда судан алынған сынама мен өлексе арнайы сараптамаға жіберілген.

Ұмсындық Наурызбаева, тілші:

Сала мамандарының айтуынша, балық аптап ыстықтан қырылған болуы мүмкін. Зеленый Гай ауылының тұрғындары қызыл сумен бірге жағаға қалқып шыққан балық өлекселерін видеоға түсіріп алған. Бірақ инспекторлар оқиға орнына арнайы барып, ештеңе таба алмай келген. Куәгерлер оны шағалалар жәйпап кетуі мүмкін деп отыр. Қазіргі таңда судан алынған сынама мен өлексе арнайы сараптамаға жіберілген. Алайда сараптама нәтижелері әлі жарияланған жоқ.


Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу