Қостанайда бүгін қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда бүгін қар жауды

23.10.2017

Алайда, тұрғындар үшін алғашқы қардың қызығынан гөрі, әбігері басым болды. Көліктер тайғанақтап, қозғалыс қиындады. Тіпті, әлеуметтік желіде жол шетіне төңкеріліп қалған көліктің  бейнежазбасы да пайда болды. Алайда, жауапты орындар бұл оқиға жайлы ресми ақпарат таратқан жоқ. Сонымен қатар, жел де күшейіп, бұрқасын соқты. Синоптиктер ауа райы ертең де жайсыз болады деп отыр. Төтенше жағдайлар қызметі желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетеді деп хабарлама таратты. 

Ирина Беженарь облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

- Ауа райы бұзылуына байланысты жүргізушілерге аса мәжбүрлік болмаса жолға шығуға болмайтынын ескертеміз. Қозғалыс кезінде аса абай болуға, жылдамдықты тиісті мөлшерден асырмауға, арақашықтықты сақтауға, сақтық шараларына баса мән беруге шақырамыз.

Қостанай ғана емес, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында да ертең жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Тіпті кей аймақтарда ауа температурасы 8 градусқа төмендеп, жолдарды көктайғақ басуы мүмкін деп отыр мамандар.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу