Қостанай облысында заңсыз бидай импортының жолы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында заңсыз бидай импортының жолы кесілді

27.04.2023

Қостанай облысындағы «Обаған» шекара бекетінде 30 тонна бидайды Қазақстанға Ресейден заңсыз алып кірмек болғандар ұсталды. Олар астықтың бетін арпамен жауып жасырған. Арнайы құрылғымен тексеру кезінде арпа астынан бидай дәндері шықты. Бұған дейін дәл осындай жағдай «Қайрақ» шекара бекетінде әшкереленген еді. Ол кезде 60 тонна бидайды арпа астына жасырып өткізуге әрекеттенген. Осылайша бір апта ішінде екі заңсыз астық тасымалы анықталды. 10 сәуірден бастап Қазақстан Үкіметі бидайды сырттан автокөлікпен тасымалдауға тыйым салған болатын.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу