Ақтөбеде «Туған жер» форумы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде «Туған жер» форумы өтуде

28.09.2017

Бұл республикада алғаш рет ұйымдастырылды. Ауқымды шараға әлемнің 20 елінен 300-ге жуық мейман келді. Барлығы да Ақтөбе өңірінен шыққан өз ісінің үздіктері. Форум аясында тың бастамалар қолға алынып, жаңа жобалардың жай-жапсары талқыланбақ.

«Туған жер» форумына келген меймандарды ақтөбеліктер құшақ жая қарсы алды. Әр қонақ ырыздығымен келді. Дәрігерлер күрделі оталарды тегін жасаса, кәсіпкерлер жаңа нысандардың бой көтеруіне қомақты қаржы құятын болып келісімге келді. Туған жеріне табаны тиген азаматтар кіндік қаны тамып, өскен өңірге деген сағыныштарын да жеткізді.

Райгүл ЕНШІБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу