29 қазанда еліміздің 15 өңірінде мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

29 қазанда еліміздің 15 өңірінде мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді

05.10.2017

Осылайша, түрлі себептерге байланысты мәслихаттан шығып қалған халық қалаулыларының орнына жаңа депутаттар келмек. Сайлау науқаны барысында ұсынылған 368 кандидаттың 93-і облыстық, 70-і қалалық және 205-і аудандық мәслихаттардан үмітті.

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының сайлау процесін ұйымдастыру және комиссия мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Мақсатхан Анапин хабарлады.

Электораттық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі пилоттық жоба қорытындысы бойынша, жыл соңына дейін 1200 тренердің кәсіби біліктілігін арттыру көзделіп отыр.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу