Тұңғыш Президент қоры халықаралық дәрежеге лайықты болуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғыш Президент қоры халықаралық дәрежеге лайықты болуы керек

21.09.2017

Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аталған қордың жұмысымен танысу барысында айтты. Ғылыми зерттеу институтында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «смарт жолы», «метод про» сияқты жобалар сәтті жүзеге асқан. Соның бірі - таланттарды қолдау бастамасы. Еліміздің түпкір-түпкіріндегі IT-технологияның үздіктеріне қаржылай көмек көрсетілген. Қор болашақта бұл жобаны жалғастыра бермек. Елбасы өз кезегінде институтты жүйелі түрде дамытуды тапсырды. Атап айтқанда, әлемдік деңгейдегі ғалымдармен кездесу ұйымдастыруды қолға алу қажет. Сонымен бірге, тағы бір бағыт: «жаһанға атом қаруын таратпау жөнінде күресті күшейтуіміз керек», - деді Президент.

Хабарламаларға жазылу