Енді Шымкент пен Ташкенттің арасындағы автобус бір-ақ сағат жүреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді Шымкент пен Ташкенттің арасындағы автобус бір-ақ сағат жүреді

20.09.2017

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында екі елдің үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы құжат мақұлданды.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, мұндай келісімдер  еліміздің көліктік инфрақұрылымын пайдалана отырып, жаһандық логистикалық жүйені қалыптастыруға бағытталған. Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүктеген міндеттерін орындау үшін  өте маңызды.

Жалпы, Қазақстан мен Өзбекстан  арасында жолаушылар тасымалы бойынша тұрақты автобус маршруттары жоқ. Бұл  шекараны өту кезінде қолайсыздықтар тудырып отыр.

Өткен жылы Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы өткізу пунктері арқылы 8 млн 200 мың адам өткен. Ал, тұрақты маршрут іске қосылысымен жолаушылардың қатары көбейіп, 12 млн-ға жетуі мүмкін.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу