Алматылық дәрігерлер Геннадий Головкинге қолдау білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық дәрігерлер Геннадий Головкинге қолдау білдірді

15.09.2017

Алдағы жексенбіде отандасымыз Геннадий Головкин шаршы алаңдағы өзінің 38-ші жекпе-жегін өткізеді. Қазақстандық жанкүйерлер рингте әлі бірде-бір рет жеңіліп көрмеген боксшымызға бұл жолы ерекше қолдау білдіруде. Мәселен, Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы 4-ші клиникалық ауруханасының қызметкерлері арнайы флешмоб өткізді. Дәрігерлер әр түсті жейде киіп, қазақстандық чемпионның арнайы брендтік таңбасы «GGG» белгісі мен бокс қолғабын бейнеледі.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу