Шымкенттік полицейлер 4 жасөспірімді қарумен ұстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттік полицейлер 4 жасөспірімді қарумен ұстады

08.09.2017

Шымкенттік полицейлер бірнеше қару түрін асынып, көше кезіп жүрген 4 жасөспірімді құрықтады.  Тінту кезінде олардың сөмкесінен аңшы мылтығы, екі травматикалық тапанша және оқ-дәрі табылған. Сондай-ақ,  аузы-мұрыны ойылған  бетперде мен пышақ, газ баллоны  тәркіленген. 

Бес қаруды сайлап шыққанына қарағанда жасөспірімдер әлдебіреуді  тонауға бара жатқан болуы  мүмкін деген жорамал бар. Қазіргі кезде полицейлер төрт баланың қаруды қайдан алғанын және қандай да бір қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу