Ақтөбеде тепловоз рельстен шығып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде тепловоз рельстен шығып кетті

07.09.2017

Оқиға Жаманқұлов көшесінің маңында тіркелген. Куәгерлердің айтуынша, тепловоз машинисі оқиға орнында болмаған. Темір жол көлігі рельске жақын орналасқан тұрғын үй алдындағы автокөлікке соқтығысқан. Әрі салдарынан сол аумақтағы газ құбырына зақым келген. Жақын орналасқан көпқабатты үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның шығу себебі анықталу үстінде. Дәл қазір Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен өрт сөндірушілер және полиция қызметкерлері жұмыс жүргізуде.

 

Райгүл ЕНШІБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу