Астаналықтар енді такси қызметіне ұялы телефоны арқылы шағымдана алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналықтар енді такси қызметіне ұялы телефоны арқылы шағымдана алады

05.09.2017

Астаналықтар енді ресми такси қызметіне көңілі толмаса, ұялы телефоны арқылы шағымдана алады. «Егер көлік жүргізушісі таксометрді қоспаса, жолаушы ақысын бермеуге де құқылы», - дейді Астанадағы көлік саласы өкілдері. Такси жүргізушісі қатты жылдамдықпен жүрсе, тәртіп бұзса, 8-700- 555-76-07 нөмеріне «WhatsАpp» арқылы хабарлама жіберуге болады. Ол үшін көлік нөмері мен такси қызметінің атауын жазу керек. Сондай-ақ, такси қызметінің сапасын арттыру үшін қыркүйектің 12-нен бастап бір ай бойы рейд ұйымдастырылады. Шара барысында жолаушыларды заңсыз тасымалдап жүрген көлік жүргізушілеріне ең кемі 11 мың теңге айыппұл салынбақ. Бірақ, бұл тексеріс такси қызметін ұсынып жүрген ірі компанияларға ғана жүргізілмек. Ал, өз көлігімен жолаушы таситындар әзір тексерілмейді.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу