Сарыағаш ауданында апатты және үш ауысымда оқытатын білім ордаларының саны азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарыағаш ауданында апатты және үш ауысымда оқытатын білім ордаларының саны азайды

04.09.2017

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында Білім күні мерекесінде 5 бірдей жаңа мектептің құрылысы аяқталып, алғашқы қоңырау соғылды. Соның нәтижесінде аймақтағы апатты және үш ауысымда оқытатын білім ордаларының саны азайды. Бұл мәселені енді түбегейлі шешу үшін қазір ауданда тағы 16 мектептің  құрылысы жүріп жатыр.

Жалпы, облыс бойынша биыл 31 млрд. теңгеге 79 білім нысаны салынып жатыр. Оның 29-ы биыл бітеді. Сөйтіп, өңірдегі 8 апатты және 12 үш ауысымды мектеп жаңаланады. Осындай кешенді жұмыстардың  арқасында 2019 жылы өңір мектеп мәселесін түбегейлі шешуді көздеп отыр.  

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу