Ядролық сынақ зардабын жою жұмыстары кешенді болуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ядролық сынақ зардабын жою жұмыстары кешенді болуы тиіс

07.08.2017

«Ядролық қарудан Семей халқы ғана зардап шеккен жоқ. Жарылыс сынақтарының салдарынан еліміздің көптеген өңірі экологиялық апат аймағына айналды». «Семей-Невада» қозғалысының Батыс Қазақстан өңірлік филиалының директоры Ізімғали Көбенов осылай дейді. Мамандар Батыс Қазақстан аумағындағы «Тайсойған», «Азғыр», «ЭМБА-5», «Капустин яр» полигондары маңының радиоактивті және химиялық улы газдармен уланғанын анықтады. Судың ластануы күрт артқан. Өмірге келген әрбір 1000 баланың 40-ы кемтар болып туған.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу