Қарағандыда атыс болып, 2 адам жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда атыс болып, 2 адам жарақат алды

09.06.2020

Қарағандыда белгісіз біреу тапа-тал түсте оқ атып, екі адамды жарақаттады. Оқыс жағдай өзара келіспеушіліктен туған. Қазір полиция осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғады. Әзірге қару кезеніп, оқ атқандар ұсталмады.

Жәбірленушілердің жерде сұлап жатқан сәтін ауладағы көлікте отырған куәгер ұялы телефонына түсіріп алған. Бейнежазбадан күдіктінің қара түсті көлікке мініп тайып тұрғаны да анық көрінеді. Дер кезінде жедел жәрдем шақыртып, жарақаттанғандар ауруханаға жеткізілді. Бірінің тізеден төмен екі аяғына, екіншісінің бір аяғына оқ тиген.

Басқа ақпарат тергеу құпиясына байланысты жарияланбады. Бір анығы «Green Sity Park» деп аталатын тұрғын үй кешенінің ауласында болған оқыс оқиға кезінде өзге ешкім зардап шеккен жоқ.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу