Халықаралық жазғы лагердің қорытындысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық жазғы лагердің қорытындысы

24.07.2017

Елімізде Түркі кеңесі аясында тұңғыш рет жастардың халықаралық лагері ұйымдастырылды. Белсенділер бір апта бойы Ақмола облысындағы көрікті жерлерді аралады. Бүгін «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында сол бастамаға қатысты қоғамдық тыңдау өтті. Лагерге қатысқандар арасында Түркия, Әзірбайжан және Қырғыз елінің өкілдері бар. Бауырлас елдердің өзара ауызбіршілігін арттыру мақсатында жастар өзекті тақырыптарды талқылап, өзара тәжірибе алмасты. «Табиғат аясындағы жазғы лагерь жастардың шабытын одан әрі арттырды»,- дейді ұйымдастырушылар. 

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу