Астанадағы «Хайвил» тұрғын-үй кешеніндегі өрттен Назарбаев Университетінің профессоры қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы «Хайвил» тұрғын-үй кешеніндегі өрттен Назарбаев Университетінің профессоры қаза тапты

14.07.2017

Білім ордасының баспасөз қызметі өрт салдарынан қаза тапқан шетелдіктің университет қызметкері болғанын растады. Keнджи Элай 2016 жылдың маусымынан Университеттің Медицина мектебінде профессор болып жұмыс істеген. Медицина докторы дәрежесін алған және 40 жылдан астам уақыт бойы Нигерияда, Оманда, Кувейт пен Ұлыбританияда медицина саласында ғылыми-зерттеу және ұстаздық қызметпен айналысқан.

Профессормен бірге оның әйелі және екі қызы да мерт болды. Өрт сөндіру қызметіне 24 қабатты тұрғын үй кешенінің 9-шы қабатында түтін шыққандығы туралы хабарлама таңғы сағат 5-те келіп түскен. Тілсіз жау 65 шаршы метр аумақты шарпыған.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу