Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Тараз қаласына жұмыс сапарымен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Тараз қаласына жұмыс сапарымен барды

17.11.2017

Облыстың басқарушы құрамымен кездесіп, өңір басшысының қорытынды баяндамасын тыңдады. Ал, қаладағы әлеуметтік нысандарды аралау барысында «Атлетик» олимпиада резервін дайындайтын оқу-жаттығу кешенінің жұмысымен танысты. Мұнда күн сайын екі мыңдай адам жаттығады. Бұдан басқа, «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт жұмысымен танысты. Бұл кешен өндірістік қуатын соңғы бірнеше жылдан бері төмендетпей келеді. Өнімдері алыс-жақын шет елдерге экспортталады. Қазір Жамбыл облысында қарқынды жүріп жатқан сала - құрылыс. Биыл облыста «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 18 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салу үшін 4 жобаның жұмысы басталды. Одан бөлек, жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге 922 жер телімі бөлінген. 

Әділет Ақатаев, облыстық Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша іске асып жатыр. Екі тұрғын үй массивіне жер берілді. Келесі жылы пайдалануға беріледі.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу