Биыл алматылықтарға селден келер қауіп жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл алматылықтарға селден келер қауіп жоқ

27.06.2017

Бұл іске жауапты мамандардың айтуынша, шілде және тамыз айларында таудағы ауа температурасы қалыпты деңгейде болады. Бірақ, соған қарамастан қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазселденқорғау» мекемесінің өкілдері селді болдырмау үшін біраз шараны қолға алып, жұмысты күшейткен.

Іле Алатауының Алматы аймағындағы бөлігінде ірілі-ұсақты осындай 36 көл бар. Солардың 17-сі жыл сайын қалаға қауіп тудырады. Өйткені, күн жылып, мұздықтар ерігенде бұл көлдердің деңгейі күрт көтеріледі. Ал, биыл мамандар сондай 9 көлді қатаң бақылауға алып, ондағы су көлемін қалыпты деңгейде ұстау үшін жұмыс істеп жатыр.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу