Алматы аумағында орналасқан 36 көлдің 17-сі аса қауіпті санатта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы аумағында орналасқан 36 көлдің 17-сі аса қауіпті санатта

22.08.2017

«Сел қауіпсіздігі: оны бағалау, болжау және қорғану». Алматыда өткен конференцияға табиғи апаттардың алдын алу ұйымдарының өкілдері мен Ресейден тәжірибе алмасуға келген ғалымдар қатысты. Қалада жиі болатын сел қаупінің себебі - мореналық көлдер. Шаһар аумағында орналасқан 36 көлдің 17-сі аса қауіптілер санатынан. Былтыр 17 көлдің 8-інің суын азайту жұмыстары жүргізілген. Ал биыл, қалған 9 көлдің 4-нің суы тартылды. Ернеуінен асып, халыққа қауіп төндіріп тұрған суды азайту 2 түрлі әдіспен жүзеге асады. «Арнайы сорғылар мен суды жерасты жолдары арқылы ағызу селден қорғанудың тиімді әдістері», - дейді мамандар.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу