Елімізде ауруханалардың құрылысына бюджеттен бөлінетін қаражат мақсатсыз жұмсалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ауруханалардың құрылысына бюджеттен бөлінетін қаражат мақсатсыз жұмсалады

20.06.2017

Бүгін денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстарға көңілі толмаған Бақытжан Сағынтаев жергілікті билік өкілдерін сынға алды. Премьер-Министрдің айтуынша, тиісті органдар аурухана салуға тапсырыс бергенде халық саны мен құрылыс талаптарын мүлдем ескермейтін көрінеді.

Мәселен, елордадағы балаларға арналған инфекциялық емханада бір жатын орынға 240 шаршы метр қарастырылған. Бұл халықаралық стандарттан екі есе артық. Осыны айтқан Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министріне нысан құрылыстарын қадағалауды тапсырды.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу