Павлодардағы кеніште КамАЗ шыңырауға құлап, екі адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардағы кеніште КамАЗ шыңырауға құлап, екі адам мерт болды

06.11.2020

Павлодардағы кенішітердің бірінде екі адам қаза тапты. Жұмыс істеп жатқан КамАЗ көлігі шыңырауға құлап кеткен. Көлік ішіндегі екі адам сол жерде қаза тапты. Қазір оқиға орнында тексеру жүріп жатыр. Апаттың нақты себебі сот-медициналық сараптамасынан кейін белгілі болады. 

Жанна Белялова, Полиция департаментінің баспасөз хатшысы: 
Оқиға жұмыс уақыты біткен кезде болған. Жүргізуші көлігін артқа шегіндірмек болады. Сол кезде көлік тайып, 6-7 метр тереңдікке құлаған. Апат салдарынан 59 жастағы жүргізуші мен оның жанындағы адам сол жерде қайтыс болды.

Болат Аманбаев

павлодар кеніш

Хабарламаларға жазылу