Синоптиктер алдағы күндері нөсерлі жаңбыр мен дауылды желдің күшейе түсетінін ескертеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Синоптиктер алдағы күндері нөсерлі жаңбыр мен дауылды желдің күшейе түсетінін ескертеді

30.05.2017

Бүгін Астанада да ауа райы құбылмалы. Жаңбыр жауды, қатты жел тұрды. Тіпті, жергілікті төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға SMS арқылы ескерту жолдады. Онда есік-терезені қымтап, балконды да бақылау керектігі айтылған. Ал, ертең елордада күн бұлтты болады, бірақ жауын-шашынсыз. Ауа температурасы +21 градусқа жоғарылауы болжануда. 

Сондай-ақ, синоптиктер алдағы күндері нөсерлі жаңбыр мен дауылды желдің күшейе түсетінін ескертеді. Еліміздің солтүстік, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ауа температурасы төмендейді. Кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Мамандар бұл құбылыстарды белсенді суық атмосфералық фронттармен байланыстырып отыр.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу