Еліміздің солтүстігінде қар жууы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің солтүстігінде қар жууы мүмкін

21.09.2020

Елімізде табиғат тосын мінез танытқалы тұр. Қазгидрометтің болжамы бойынша, алдағы сәрсенбі және бейсенбі күндері Қазақстанда алғашқы қар жаууы ықтимал. 

Алдымен ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын болады. Соңы қарға ұласуы мүмкін. Ақ ұлпаның, әсіресе, солтүстік өңірге жауу ықтималдылығы жоғары. Ал еліміздің батысында күн ашық болады.  

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан қаласы мен елдің 11 аймағында дауылды ескерту жарияланды. Ал Солтүстік Қазақстан облысында желдің ұйытқуы секундына 28 мертге жетеді, деп хабарлады синоптиктер.

Хабарламаларға жазылу