СҚО-да шаңды дауыл әсерінен ағаштар құлаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да шаңды дауыл әсерінен ағаштар құлаған

08.06.2023

Солтүстік Қазақстан облысында қатты дауыл болып, ағаштар құлады. 

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, жапа шеккен адамдар тіркелген жоқ. Алдын-ала мәлімет бойынша қаланың түрлі аудандарында 10 ағаш құлаған. Кеше кешке желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетті. Кей жерлерде үйлердің, ғимараттардың қоршауы құлап, жолды жауып қалды. Шаңды дауылдың соңы нөсер жаңбыр мен бұршаққа ұласты. Салдарынан жол қозғалысы қиындады.

Синоптиктер мәліметінше, алдағы күндері де құбылмалы ауа райы болады. Жаңбыр жауып, күн күркіреуі ықтимал. 

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу