Ақтөбедегі мәдениет ошағының құрылысы талапқа сай емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбедегі мәдениет ошағының құрылысы талапқа сай емес

16.05.2017

Ақтөбе облысында  салынып жатқан мәдениет үйінің құрылысы сын көтермейді. Қарғалы ауданына көктемгі егіс жұмыстарының дайындығын көру үшін барған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Шәмші ауылына арнайы соғып, ауыл клубының құрылысымен танысты.  Мәдениет ошағының  қасбетіне, сәулетшілер бекіткен жобаға көңілі толмаған әкім құрылысшылардың біліксіздігін сынға алды.  150 орынға шақталған клуб құрылысына бюджеттен 48 млн.теңге қаржы бөлінген. Мұнда кітапхана, түрлі үйірмелер мен концерт залы  қарастырылған.   

Жұлдыз АЛМАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу