Алматыда «Ардагерлерді құттықтау айы» басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Ардагерлерді құттықтау айы» басталды

08.05.2017

«Ардагерлерді жеңіс күнімен құттықтау айы». Бұл - Алматыдағы «Болашақ» қауымдастығы жастарының ерекше бастамасы. «Болашақ» бағдарламасының стипендианттары мен мүшелері бұл қайырымдылық науқанды сәуірдің 10-нан бастап жүргізіп келеді.

Күніне 2-3  ардагердің үйіне арнайы барып, сыйлықтар мен материалдық жәрдем беріп жатыр. Осы уақытқа дейін 60-тан астам ардагерді құттықтап, көмек көрсеткен. Шара мамырдың 10-на дейін жалғасады.  

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу