Бүгін қасиетті Рамазан айы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін қасиетті Рамазан айы басталды

23.04.2020

Бүгін Құптаннан кейін тарауық намазы оқылады. Бұған дейін айтылғандай, қауіпсіздік мақсатында мешіттерге жамағаттың жиналуына тыйым салынған. Әрбір азамат құдайға құлшылықты өз үйінде жасайды. Барлық діни қызметкерлер халыққа карантин талабын орындауды керектігін әлеуметтік желілер арқылы түсіндіріп жатыр. Жақсы істермен жарысып, сауап жиналатын мүбәрак айда амал-ниеттерді іске асырудың жолдары жетерлік. Мәселен, карантинге байланысты ауыз бекіткен жандарға азық-түлік жеткізіп беруді ұйымдастырып, көмекке мұқтаж отбасыларға ауыз ашарға кететін шығынды ұсыну сансыз сауап. Садақаны да онлайн төлеуге толық мүмкіндік жасалған.

Ертеңнен бастап күн сайын ақпараттан соң сағат 21:00-де Ораза айына орай арнайы бағдарлама көрерменге ұсыналады. Тікелей эфирде діни басқарманың өкілдері осы рамазанға байланысты халықты толғандырған сұрақтарға жауап береді.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу