Өскемендік полицейлер мерекеге арнап флешмоб өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемендік полицейлер мерекеге арнап флешмоб өткізді

07.05.2019

Жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ертіс өзенінің жағалауындағы амфитеатрдың алаңында 9 санын жазып, ардагерлерге құттықтау жолдады.

Шараға барлығы 70-ке жуық адам қатысты. Қалалық Полиция басқармасының басшылығы мен жеке құрамы бұл күні ардагерді этносаябаққа экскурсияға апарды. Сондай-ақ әскери техникаларды көріп, оркестірдің шағын концертін тамашалады. Дәстүр бойынша қариялар дала асханасында әзірленген ботқадан дәм татты.

Ағыбай Кешілбаев, полиция ардагері:

- Ардагерлерді, бәрімізді құрметтеп жатыр. Жеңіс күнімен барлық ардагерлерді құттықтаймын. Аспанымыз ашық болсын!

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу