Ақтауда көлік тонағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда көлік тонағандар ұсталды

28.04.2017

Ақтауда ұйымдасқан топ ұсталды. 25-26 жастағы күдіктілер көліктердің терезесін сындырып ішіндегісін қолды етіп отырған. Олар құйтырқы әрекетін таңға жақын ел тәтті ұйқыда жатқанда іске асырған. Көбіне бейнебақылау камералары орнатылмаған төменгі шағын аудандарға ұрлыққа түскен. Осылайша, үш азамат бір айдың ішінде 40 көлікке залал келтірген. Шығын көлемі де әр түрлі. Қазір олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер бұрын да сотталған болып шықты.  

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу