Алматы облысында банкомат тонағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында банкомат тонағандар ұсталды

15.08.2023

Алматы облысында бетіне медициналық бетперде таққан екі адам банкомат тонаған. Олар 13 млн теңгеге жуық ақшаны жымқырған. Оқиға Қарасай ауданынына қарасты Алмалыбек ауылында болған. Бұл туралы құқық қорғау органдарына тұрғындарының бірі хабарлапты. Күдіктілер көп ұзамай қолға түсті. Олар 24 және 25 жастағы Қаскелең қаласының тұрғындары болып шықты. Қазір екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.


Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу