Kaspi Bank бөлімшесін тонағандар ұсталды
Банк бөлімшесіне шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды. Қалалық полиция департаменті криминалдық полициясының хабарлауынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен 1985, 1986 және 1992 жылы туылған үш ер адам қамауға алынды. Екеуінің қолдарына Алматыда кісен салынса, үшіншісі Орал қаласында құрыққа ілінді.
Еске салайық, 15 қазан күні мегополисте қаруланған екі адам банк бөлімшесіне басып кіріп, екі миллион теңгені қолды қылған. Қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Салтанат Әзірбек, қалалық ІІД ресми өкілі:Айғақ заттар ұрланған қаражат тәркіленіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының үшінші бөлігі бойынша Алмалы аудандық Полиция басқармасының жүргізген қылмыстық іс материалдарының тіркелген. Қаскөйлер қолданған аңшы мылтығы олардың біріне тиесілі екені анықталды.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін XXV қысқы Олимпиада ойындарының жалауы желбірейді
06.02.2026, 20:59
Әлем жаңалықтарына шолу
06.02.2026, 20:15
Қарлы боранда қалғандар құтқарылды
06.02.2026, 20:14
Жойқын желден Жаңатаста 10 үйдің шатыры ұшты
06.02.2026, 20:12
Мәжіліс төрағасы Беларуське ресми сапармен барды
06.02.2026, 20:10
Астанада 45 жол-көлік оқиғасы тіркелді
06.02.2026, 20:09
ЮНИСЕФ: Желіге байланған әр бесінші бала зиянды контент қарайды
06.02.2026, 20:08
«Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасын қолдайды
06.02.2026, 20:08