Алматы облысы көктемгі су тасқынынан аман - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысы көктемгі су тасқынынан аман

18.04.2017

Алматы облысы биыл  көктемгі су тасқынынан аман. Себебі, былтыр тыңғылықты дайындық жүргізілді. Балқаш көліне құятын ірі өзендердің арналары тазартылып, жағалаулары бекітілді. Іле өзенінің арнасын тазалау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. 2005 жылы құрылған "Балқаш" мелиоративті жасағы арна түбіндегі қиыршық тас пен құмды арнайы қондырғылармен жағаға шығарып, судың еркін ағуына мүмкіндік жасап отыр. Бұл мақсатта облыс бюджетінен 700 млн теңге қаржы бөлінді. Жалпы, өңірде көктемгі қар еру кезеңінде барлық су қоймалары мен өзендер бақылауға алынып, кезекшілік ұйымдастырылды. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу