Теріскейде тасқынның алдын алуға мыңнан астам техника тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теріскейде тасқынның алдын алуға мыңнан астам техника тартылады

24.03.2017

Теріскейде су тасқынының алдын алуға мыңнан астам техника тартылады. Солтүстік Қазақстан облысындағы көктемгі тасқынға дайындық жұмыстарын бақылаған Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин осылай деді.

 

Қызыл су басу қаупі бар елді-мекендерді тікұшақпен аралап өтіп, Сергеев су торабының дайындығын тексерді. Инертті материал, дизель отыны мен жанар-жағармай жеткілікті.

 

Самат САПАРАЛЫ

Хабарламаларға жазылу