Алматының 5 өзенінде су тасу қаупі бар

26.02.2020

Ал Алматылықтар судың астында қалуы ықтимал. Мұнда 5 өзенде су тасу қаупі бар. Олар Қарғалы, Ақсай, Есентай, Үлкен және Кіші Алматы өзендері. Сондықтан Қалалық төтенше жағдайлар департаменті селдің алдын алуға бағытталған оқу-жаттығу шараларын бастады. Оған 300-ден астам маман мен 50-ден астам техника жұмылдырылған. Олар ірі мегаполистің алты ауданында өзендердің арнасын кеңейтіп, арықтарды қайта қалпына келтіріп жатыр.

Кез келген жағдайға дайын болу үшін арнайы жасақ құрылған. Оның құрамында 6500 адам мен 1300-ден астам техника бар. Сонымен қатар, жасанды бөгет салуға арналған 13 мыңнан астам құмға толы қапшық дайындалған.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу