Басты Жаңалықтар Елімізде «Азаптаусыз қоғам» атты жаңа жоба іске асады

Елімізде «Азаптаусыз қоғам» атты жаңа жоба іске асады

Бас прокуратура қызметтік бабын асыра пайдаланатын тергеушілермен күресуге кірісті. Елімізде биылдан бастап «Азаптаусыз қоғам» атты жаңа жоба іске асады. Оның негізгі мақсаты - сот алды процестерінің ашық әрі әділ болуын қамтамасыз ету.

Өйткені, бұл мәселе қазір қоғамда өткір тұр. Былтыр елімізде Ішкі істер министрлігінің 30-ға жуық өкілі қызметтік бабын асыра пайдаланғаны үшін сотталып кеткен.

Айдана ҮСЕНБАЙ
Бөлісу