Алматы облысында «Алтын алқалы» ана тіркеуге тұра алмай жүр

14.02.2017
Алматы облысы Талғар ауданы Бірлік ауылында тұрып жатқан «Алтын алқа» иегері Толқынай Нәметқұлова тіркеуге тұра алмай жүр. Себебі, сегіз баланың анасы осы уақытқа дейін қаланың әр бұрышында пәтер жалдап, күнелтіп келеді. Қазір еш жерде тұрғылықты мекенжайы жоқ отбасының қорқынышы көп.

Жұмыссыз, үйсіз-күйсіз жанұяның балалары тіркеудің жоқтығынан мектептен шығып қалуы да мүмкін. Ол аз болса, үй алуға тұрған кезегі де жойылып, мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыдан да қағылатын түрі бар.


Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу