Ондаған мың отандасымыз сырттан сатып алған көлігін тіркей алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ондаған мың отандасымыз сырттан сатып алған көлігін тіркей алмай жүр

21.01.2015
Ондаған мың отандасымыз сырттан сатып алған көлігін тіркей алмай жүр

Қазір ондаған мың отандасымыз сырттан сатып алған көлігін тіркей алмай, сандалып жүр.

Өйткені, тіркеуге жауапты құзырлы мекемелердің талабы әр қилы. Бұл мәселе Парламент қабырғасында көтерілді.

Депутат Нұрлан Жазылбековтің айтуынша, соңғы уақытта халық тарапынан осы мәселе жиі көтеріліп жүр.

Аз уақыт бұрын Әкімшілік полиция комитеті «Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген көліктердің «Евро-4» стандартына сәйкес келуі міндетті емес деп» хабарлаған.

Көлік құралы қай жылы шығарылса да, тіркеуге алынады деп сендірген болатын.

Алайда, Инвестициялар және даму министрлігінің талабы басқа. Көліктің «Евро-4» стандартына сай екенін дәлелдейтін арнайы сертификаты болуы керек. Онсыз бір де бір көлік тіркелмейді.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу