Қарағанды облысының Ақтас кентіндегі тұрғын үйлер әлі күнге дейін дербес қазандықтармен жылытылады

30.01.2017
«Шахандағы жағдай қайталана ма», деп тұрғындар үреймен күн кешуде. Елді мекенде орталықтандырылған жылу қазандығының құрылысы жүріп жатыр. Дегенмен, кентті тұтастай жылытуға бір пештің күші жетпейді. Сондықтан, тағы бір қазандық салу қажет. Ақтас кенті әкімінің халық алдындағы есебі барысында тұрғындар тарапынан осы және өзге де өзекті мәселелер көтерілді.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу