Қызмет сапасы төмен министрліктер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызмет сапасы төмен министрліктер анықталды

30.01.2017
Жоғарғы сот көш соңында. Мемлекеттік қызмет көрсету деңгейі төмен орган сот болып шықты. Мұны арнайы зерттеу жүргізген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі анықтады. Барлығы 9 мыңнан астам адам қатысқан зерттеуде, 50 –ге жуық мемлекеттік қызмет түріне сараптама жасалды. Ең сыпайы әрі білікті мемлекеттік қызметкерлер Ұлттық банкте екен. Ал, ең дөрекі және жұмысты үйлестіре білмейтін мамандар Ішкі істер, Білім және ғылым, Сыртқы істер мен Энергетика министрліктерінде болып шықты.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу