Астаналық тұрғындардың қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты шағымдары көбейді

26.01.2017
Қоғамдық көлік көңіліңізден шыға ма? Соңғы кездері тұрғындардың автобус жүргізушілеріне қатысты шағымдары тым көбейіп кетті. Жолаушылардың айтуынша, көлікті басқарушылар жол ережесін сақтамайды. Рөлде келе жатып ұялы телефонмен сөйлеседі, тіпті, автобус ішінде темекі шегіп отырады.

Ереже бұзу, әсіресе, Астанада көп тіркеледі. 2016 жылы автобус жүргізушелері 2 мыңнан аса ереже бұзған.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу