Астана вокзалында декоративті нысанның бірі құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана вокзалында декоративті нысанның бірі құлады

25.01.2017
Осы себепті қазір вокзалдың жұмыс режиміне өзгеріс еніп, нысан құлаған жолақ жабылды.

Бүгін Астананың ескі вокзалында оқыс оқиға болды. Ғимараттың аумағындағы декоративті ірі нысандардың бірі жолаққа тоқтаған жолаушылар пойызының үстіне опырылып түсті.

Осы себепті қазір вокзалдың жұмыс режиміне өзгеріс еніп, нысан құлаған жолақ жабылды. Тұрғындарды бұл пойыздардың кестеден кешігу мәселесіне алып келмей ме деген сауал алаңдатады.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу