Астана процесі. Шетелдік журналистердің еркін жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана процесі. Шетелдік журналистердің еркін жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған

24.01.2017
Астана процесінің нәтижесін күллі әлем демін ішіне тартып күтіп отыр. Оны Астанаға келген шетелдік ақпарат құралдарының көптігінен байқауға болады. «Қазмедиа орталығы» ғимаратында жұмыс істеп тұрған баспасөз орталығына 25 мемлекеттен журналистер келді. Мұнда Сирия, Түркия, Ресей және өзге Араб және Еуропа елдерінің өкілдері бар. Олардың еркін жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған. Қауіпсіздік деңгейі күшейтілген.

Жалпы, Астана процесінің жұмысы туралы ақпарат кеше таңертеңнен бері күллі әлемге тарап жатыр.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу