Астанада ХҚКО-ның жылжымалы топтары жұмыс істей бастады

20.01.2017
Уақытша тіркелу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, енді бұл шаруаны сапаржайларда, ірі сауда орындарында да тындыра салуға болады. Орталыққа жолы түспей жүрген адамдарды ХҚКО мамандары онлайн тіркеп береді. Бар болғаны жеке құжатыңыз бен үй иесі қажет.

Еліміз бойынша осындай Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 82 жылжымалы тобы әр қалада жұмыс істей бастады.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу