«Ембі - ел ырысы» көркем-деректі фильмі көрерменге жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ембі - ел ырысы» көркем-деректі фильмі көрерменге жол тартты

15.12.2022

Қазақ мұнайының қарашаңырағы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның 100 жылдығы аясында бастау алған мерекелік шаралар әлі жалғасуда. Компанияның тарихынан сыр шертетін «Ембі - ел ырысы» көркем-деректі фильмі көрерменге жол тартты. Алғашқы болып туындыны болашақ мұнайшы- бүгінгі студент жастар тамашалады.

Көркем-деректі фильмде - компанияның тұтас ғасырға татитын бай тарихы суреттелген. «Қара алтынды» тапқаннан бастап, өндірудегі мұнайшылардың ерен еңбегі, қажырлы жұмысы баяндалады. Фильм қысқаметражды 10 сериядан тұрады. Туынды Алматы, Астана қалалары мен Атырау облысының аумағында түсірілген.

Рысты Тасмағамбетова, «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары:
Фильмнің әсері өте жоғары болды. Қобалжып сол пікірді күттік. Бірақ сын сөздер естіген жоқпыз. Тек алғыс естідік. Сондықтан өте қуаныштымыз.

Мақсат - мұнайшылардың жетістігін дәріптеу. Жастарға таныту. Ірі кен орындарын ашқан тұлғалардың есімін ұлықтау, дейді ұйымдастырушылар. Тағы бір маңызды тұсы, туынды студенттерге бағдар беріп, бағытын айқындауға септігі зор.

Қуаныш Амантаев, студент:
Біз сияқты болашақ кәсіби мамандар, мұнайшылар үшін фильмнің берері мол. Біздің қызметке деген қызығушылығымызды оятты.

Фильм көптің көңілінен шығып, көрерменнің ерекше қошеметіне ие болды. Сондай-ақ, компания мұнымен қоса «Тарихи портал», «Оқу анимациялық бағдарламалар» сынды жобаларды да іске қосқан.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу