Қостанайда петардаға ұқсас жарылғыш заттан 4 бала зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда петардаға ұқсас жарылғыш заттан 4 бала зардап шекті

16.01.2017
Оқиғаның бірі қаланың іргесіндегі Садовый аулында болған. Мұнда жеткіншектер жеңіл жарақат алғандықтан, алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, үйлеріне жіберілген.

Ал, екінші оқиға қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде тіркелді. 10 және 13 жастағы екі бала петардаға ұқсас затты далада ойнап жүріп, құрылыс алаңынан тауып алған. Кейін оны пәтерге әкеліп, балконда тұтатып көрген. Сол сәтте зат жарылып, 13 жастағы баланың оң қолының бірнеше саусақтары жұлынып кеткен. Беті мен сол қолын қатты күйік шалған.

Ішкі істер қызметкерлері жарылғыштың қандай зат екенін анықтау үшін сараптама жасалып жатқанын айтты.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу